Мәзір
30 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтаудағы апат: Қазақстан Embraer-190 ұшағының «қара жәшігін» Бразилияға жіберді

Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының борттық өздігінен жазғыштарын Бразилияға жіберді,

Ақтаудағы апат: Қазақстан Embraer-190 ұшағының "қара жәшігін" Бразилияға жіберді Ақтаудағы апат: Қазақстан Embraer-190 ұшағының "қара жәшігін" Бразилияға жіберді
Фото: vesti-ural.ru

“Авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі”, делінген Көлік министрлігі ақпаратында.

Еске сала кетсек, ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Бразилия өкілдерінен құралған арнайы комиссия құрылған. 

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған жерден “қара жәшік” табылды. Ал “қара жәшіктің” екіншісі 26 желтосан күні табылған еді.  

26 желтоқсанда өткен брифингте Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев «Қара жәшіктерді» зерттеу сарапшылар Ақтауға келгеннен соң басталатынын мәлімдеген болатын.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

 

Апта талқысында: