Мәзір
18 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Алматыда екі күн бойы көлік қозғалысы шектеледі

Гвинея-Бисау Республикасының президенті Умару Эмбалоның Қазақстан Республикасына ресми сапарына байланысты 2024 жылғы 19-20 желтоқсанда қалада жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады, деп хабарлады buginmedia.kz.

Алматыда екі күн бойы көлік қозғалысы шектеледі Алматыда екі күн бойы көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Halyq Uni

Бірақ автобустар шектеуге қарамастан жүре береді.

«Гвинея-Бисау Республикасының Президенті Умара Эмбалоның 2024 жылғы 19-20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апта талқысында: