Мәзір
18 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Болашақта көресіздер»: Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасын ашып айтты

Белгілі актриса, продюсер Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады buginmedia.kz

"Болашақта көресіздер": Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасын ашып айтты "Болашақта көресіздер": Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасын ашып айтты
Фото: https://www.instagram.com/nnnurdaylet/

“Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көресіздер. Әзірге айтарым жоқ", – деді актриса тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұқбатында.

Сонымен қатар актриса қайда барса да, өзінен қашан тұрмысқа шығатынын сұрайтындар көп екенін, қоғамда қыздарға қысым жасалатынын мәлімдеді. 

Киножұлдыз жалғыз қалудан қорықпайтынын, нақты неден қорқатынын айтты.

"Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын", – деді киножұлдыз. 

Апта талқысында: