“Сайттардан бір ақпарат оқып, әрі-сәрі боп отырмын. Бәсе, көңілде бір күдік болып еді.
Қаржаубай отбасы - бұрынғы олигархтар мен ескі шенеуніктердің жасырын ұйым ретінде (мамыр айынан бастап) құрылған тобының құрбандарына айналған секілді..Шерзат ісін пайдаланып, халықты қазіргі билікке айдап салу арқылы екінші Қаңтар жасайтын ойлары бар дегенді екі БАҚ-тан оқыдым. Біреудің жан қайғысын саяси ойынға айналдыру үшін де ештеңеден шімірікпейтін сұм болу керек шығар..
Нұрқанат өлімі де тегін емес, демек..Елді ашындыру мақсатында жасалған тәсіл болуы да ғажап емес. Ал әлеу.желілерде Талғар оқиғасы туралы жазбаған, айтпаған өнер жұлдыздары мен танымал блогерлерден “отписка” жасаймыз деп, “қоқан-лоққы” жасау арқылы бұл істі үлкен шуға айналдырып, елді көтеру екен - түпкі мақсаттары. Үлкен концерттерге стадиондарға жиналған халықты көрсетіп, “ана қалада митинг болғалы жатыр, мына қалада көтерілейін деп жатыр” деп, жалған ақпараттарды да таратып жатқандар сол топтың мүшелері дейді. 500 белсендісі (айтишниктерімен қоса) бар ботоферма жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сол іс-шараларға 300 млн.қаражат жұмсалған дейді, рас болса. Талғардың бандасы ойнамай қалған сияқты ғой, мына саяси ойынның жанында.
Нұр атамыздың Путинге жетіп барғаны да - жоғарыда аталғандарды растағандай әрекет екен..
Ал Нұрқанат өлген күні түнгі 2-де сол маңайда жүрген полицей кім? Неғып жүр?..Кімнің тапсырмасын орындап жүр? Кездейсоқтық па, әлде ана ұйымның жансызы ма? Ішкі Істер министрлігі өз репутациясын ақтап алам десе, кадрларына тексеру жүргізіп, күдікті жағдайдың бәрін анықтап, нәтижесін ел алдында жарияласа. Сол кезде елдің жоғалған сенімі қайта қалпына келіп, көкейдегі күдік те сейілер. Бұл істе бұлыңғыр нәрсе көп деген ойымыз да бекер емес екен ғой..Елге тыныштық керек, бізге 2-Қаңтардың қажеті жоқ!”,- деді ол.