Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында найзағаймен қатты жаңбыр болжанады.
Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елімізде тұман күтілуде, батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында - көктайғақ.
Түнде Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында 1-6 градус үсік сақталады.