Мәзір
Бүгін, 09:25 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 21 тамызға ауа райы болжамы

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында 21 тамызда ыстық ауа райы сақталады. Ал елдің шығыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. «Қазгидромет» синоптиктері ел қалалары бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 21 тамызға ауа райы болжамы Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 21 тамызға ауа райы болжамы
Фото: Shutterstock

Астанада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C. Жел 3-8 м/с.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Жел 8-13 м/с.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +21…+23°C, күндіз +30…+32°C. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Ақтөбеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +30…+32°C. Жел 6-11 м/с.

Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +22…+24°C, күндіз +35…+37°C. Жел 9-14 м/с.

Жезқазғанда түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C болады. Жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с.

Көкшетауда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C. Жел 5-10 м/с.

Қарағандыда түнгі температура +8…+10°C, күндіз +21…+23°C шамасында болады. Жел 7-12 м/с.

Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C. Жел 9-14 м/с.

Қостанайда түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C болады. Жел 3-8 м/с.

Қызылордада күндіз ауа температурасы +33…+35°C-қа дейін көтеріледі. Түнде +21…+23°C. Жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с.

Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C. Жел 9-14 м/с.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C болады. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C. Жел 7-12 м/с.

Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C. Жел 5-10 м/с.

Таразда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда жауын-шашын болмайды. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C-қа дейін ыстық болады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2