Мәзір
Бүгін, 09:18 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда 19 тамызда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда 19 тамызда найзағай ойнап, жаңбыр жауады Қазақстанда 19 тамызда найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Ашық дереккөз

19 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктер кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін екенін болжады.

Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік өңірлердің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Жауын-шашын оңтүстік облыстарды айналып өтеді.

Батыс Қазақстанда күндіз ауа температурасы +30...+38 °C-қа дейін көтеріледі. Солтүстікте күн салқындап, ауа температурасы +17...+22 °C шамасында болады.

Орталық және шығыс өңірлерде күндіз +18...+30 °C, оңтүстікте +30...+37 °C болады. Ал оңтүстік-шығыста ауа температурасы +28...+35 °C аралығында сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2