Мәзір
14 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстан полициясы күшейтілген қызмет режиміне ауысты

14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті,  деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан полициясы күшейтілген қызмет режиміне ауысты Қазақстан полициясы күшейтілген қызмет режиміне ауысты
Фото: nur.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

“Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді”, делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын ескертті.

Апта талқысында: