Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметінен мәлімдеді.
Мекеменің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілген. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.
«4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», - делінген «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.