Мәзір
12 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Абай облысында балаларына 44 млн теңге қарызы бар әке азаматтық алып, басқа елге кетіп қалған

Абай облысында кәмелетке толмаған балаларына 44 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкер анықталды,деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысында балаларына 44 млн теңге қарызы бар әке азаматтық алып, басқа елге кетіп қалған Абай облысында балаларына 44 млн теңге қарызы бар әке азаматтық алып, басқа елге кетіп қалған
Фото: polisia.kz

Курчатов қаласының полициясына азаматтық сот орындаушыларынан балаларын асырауға 44 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар азаматты іздеу туралы тапсырма түсті. Осыған байланысты жедел-іздестіру шаралары басталып, көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің орналасқан жерін анықтады. Ол қазіргі уақытта Ресейдің Барнаул қаласында тұрып жатқан 40 жастағы азамат болып шықты.

Тексеру барысында борышкердің алимент төлеуден жалтарып, Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны белгілі болды. Бұл жағдай талапкерлерге халықаралық құқықтық механизмдер арқылы алимент өндіруге мүмкіндік береді. Минск және Кишинев конвенцияларының негізінде борышкерден алиментті өндіру ісі заңды түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Абай облысының полиция департаменті алимент төлеуден жалтарудың тек қаржылық жауапкершілікпен шектелмейтінін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке де алып келуі мүмкін екенін еске салады. Егер алимент төлемеу фактілері ауыр жағдайлармен расталса, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық келісімдерге сәйкес борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл оқиға ата-аналардың балалар алдындағы жауапкершілігін еске салатын және заңсыз әрекеттердің жазасыз қалмайтынын көрсететін маңызды ескерту болып табылады.

Апта талқысында: