Әлеуметтік желіде орталық Бұқар жырау даңғылындағы көпқабатты үйдің пәтерінде екі кісі өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Мәліметтер бойынша, үш ер адам арасында жанжал болған. Қақтығысқа қатысушылардың бірі өзінің таныстарын өлтіріп, кейін оларды сыртынан қамап, үйіне кеіп қалған.
Полицейлер күдіктіні анықтады. Алайда оны тірідей ұстау мүмкін болмады. Себебі ол өз үйінде өлі табылды.
Қарағанды облысының полиция департаменті қылмысты растады. Сондай-ақ олар күдіктінің сол күні анықталғанын, бірақ оның шынымен өлі табылғанын айтты.
"Сол күні жедел уәкілдер 30 жастағы күдіктіні анықтап, оны ұстау шараларын жүргізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің мәйітін тапты. Оның өліміне дәрі-дәрмектен немесе есірткіден улану себеп болған", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.