Оқу-ағарту министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын және мұндай мәселенің қарастырылмайтынын ресми түрде мәлімдеді.
"Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында оқу жылының мерзімін, оқу жүктемесін ұзарту немесе қысқарту мәселесі қарастырылмаған. Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес 2024–2025 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды және 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев және салалық ведомство өкілдері бірнеше рет түсіндірме берген болатын", – делінген хабарламада
Министрлік тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.