Әншінің жаңа образын продюсер Серік Абас-Шах өзінің жеке парақшасында көрсетті.
«Алла сүйікті құлдарын сынайды деген бар ғой. Соны ойлап, шүкіршілік етіп жатамыз. Алланың сүйіспеншілігіндегі адаммын деп, өзімді жұбатамын.
Ауруымды ешкімге тілемеймін. Айтатындай зат емес, құдай сақтасын.
Өте қатты нәрсе… Өлім мен өмір арасындағы арпалыс. Жеңе алмайтыныңды түсінетін аурулар болады ғой. Менің ауруым — түсініксіз ауру (еді). Не аяқ жасамайды, не қол жасамайды. Диагноз жоқ. Алматы мен Астанадағы барлық дәрігерге бардым. Ешкім білмейді. Ең соңында екі қолымды көтерген сияқты болдым. Осымен Аллаға ғана табыстаймын дедім.
Карантин басталып жатқан кез (еді), имамдарға хабарласып, ватсаппен дем салдырдым. Медицина көмектесе алған жоқ. Үмітім үзілді дейтіндей жаман ауру да емес. Адам түсінбейтін нәрсе болды.
Тек Алладан үміт үзбедім. Аяғымнан тұрғызшы деп жалындым. Үлкен сынақ, қатты сынақ болады (қолыңа ештеңе ұстай алмау, аяғыңа тұра алмау…)
Алла көп нәрсені түсіндіру үшін осындай сынақ беретін шығар. Әр нәрсенің қадірін білуді үйреткен ауру болды. Достың, ағайынның, әйелің мен балаңның қандай екенін көрсетті. Бір аурумен бәрінің қадірін ұқтырды. Екі жыл ауырдым. Емі Алладан болды», — деп жазды ол.