"Жақында АҚШ долларына қарсы теңге әлсіреді. Бұл қосымша инфляциялық фактор. Бұл инфляциялық күтулерге әсер етеді", – деді Ұлттық банк басшысы.
Сондай-ақ ол Сенат кулуарында журналистердің "доллар бағамы 600 теңгеге жете ме?" деген сауалына жауап берді.
“Менің ойымша, қазіргі экономикалық жағдайда мұндай болмайды. Бізде нарықтық бағам түзілімі жүріп жатыр. Нарық өз тепе-теңдігін тапты. Егер сыртқы факторлар өзгермесе, доллардың осы бағамы сақталады”, – деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бұан дейін 5 желтоқсанға арналған валюта бағамын жариялаған болатынбыз.