Мәзір
2 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Жүргізушілерге тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

"ҚазАвтоЖол" АҚ 2 желтоқсанда 9 облыста жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жүргізушілерге тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды Жүргізушілерге тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: istockphoto.com

"2024 жылғы 2 желтоқсанда Абай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Апта талқысында: