Мәзір
1 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Аймақ

Бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды Бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы.
2. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы.
3. "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.

Ұлытау облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.

Павлодар облысы:
1. Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.

Жолды 2024 жылғы 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарлануда.

Апта талқысында: