Мәзір

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өзгеруі мүмкін Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі өзгеруі мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолдармен жүруіне қатысты тарифтер мен төлем тәртібін өзгерту ұсынылды. Алайда жеке жеңіл көлік иелері үшін әзірге ешқандай өзгеріс жоспарланбаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Үкіметтің баспасөз қөызметінің хабарлауынша, 6 қарашада Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында ақылы жолдардан түсетін кірісті арттыру және оны жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға бағыттау мәселесі талқыланды.

Жиында жол инфрақұрылымын бюджетке тәуелді болмай, өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйеге көшіру қажеттігі айтылды.

«Біз автомобиль жолдарын салғанымызбен, оларды күтіп ұстау және жөндеу шығынын бюджет есебінен жабуды жалғастырып келеміз. Жол инфрақұрылымы өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйе құру қажет», – деді Серік Жұманғарин.

Талқылау барысында жүк көліктеріне қатысты бірнеше ұсыныс айтылды. Атап айтқанда, сақтандыру саласының сарапшысы Әйгерім Қарабыйыкоглу Қазақстандағы ақылы жол тарифтерін көрші елдердегі бағаларға жақындатуды ұсынды. Сондай-ақ отандық және шетелдік тасымалдаушыларға бөлек талаптар енгізу мәселесін көтерді.

Ал «ҚазАвтоЖол» компаниясының бизнес-талдаушысы Фархад Нұркамалов жүк тасымалдаушыларға жылдық абонемент енгізу мүмкіндігін ұсынды. Мұндай жүйе компанияларға жол ақысын алдын ала төлеп, шығындарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Экс-депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы төлем мөлшерін көліктің экологиялық санатына, қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтарына және жолға түсіретін салмағына қарай белгілеуді ұсынды.

Сонымен қатар шетелдік жүк көліктеріне арнайы сақтандыру тетігін енгізу және цифрлық бақылауды күшейту мәселелері де қаралды.

Әзірге тарифтерді өзгерту туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Серік Жұманғарин жауапты мемлекеттік органдарға, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдеріне ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Үкіметтің мәліметінше, нақты ұсыныстар қараша айының соңына дейін әзірленіп, жұмыс тобының келесі отырысында талқыланады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2