Мәзір
30 қараша, 2024 / BuginMedia / Экономика

«Қазақстандықтар картадан картаға ақша аударғаны үшін салық төлейді»: Ұлттық экономика министрлігі жауап берді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпараттың таралуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Қазақстандықтар картадан картаға ақша аударғаны үшін салық төлейді": Ұлттық экономика министрлігі жауап берді "Қазақстандықтар картадан картаға ақша аударғаны үшін салық төлейді": Ұлттық экономика министрлігі жауап берді
Фото: istockphoto.com

Министрліктің хабарлауынша, мәселе банктер өз қызметтері үшін клиенттерден алатын комиссияларға салық салу (ҚҚС) туралы болып отыр. Мысалы, картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссиялар.

"Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады. Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды", - делінген хабарламада.

Егер бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды.

"Жаңа Салық кодексінің жобасы талқылау сатысында. Ұсынылған нормалар Парламентте, бизнес-қоғамдастықпен және жұртшылықпен талқылануда. Кодекстің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады", - деп атап көрсетілген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарға банк аударымдары үшін салық төлеу міндеттелгенін мәлімдеген болатын.

Апта талқысында: