Депутаттың айтуынша, картадан басқа картаға ақша аударғаны үшін комиссия 150 теңге болды. Ал енді, жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін.
Бұл – Экономика министрлігінің төлем операцияларын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карточаларды пайдалану, карточадан карточкаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банктік қызметтер айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.
"Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдейді, бірақ ашығын айтсақ – бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жауып қалмайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артатын болады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес.
Бұл нормаға қарсы Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да шыққан. Соған қарамастан, Экономика министрлігі бұл норманы Салық кодексі жобасына қосып отыр.
Мұндай өзгерістер тек біздің шығындарымызды көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар қаржы жүйесіне деген сенімді де әлсіретеді. Бұл бастама әрбір азаматқа әсер етеді. Біз бұл норманы өзгерту үшін өз түзетулерімізді енгіздік.
Халықтың мойнына осындай салық жүктеуді әділ деп санауға бола ма? Бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін ең алдымен бюджеттің басым емес шығындарын қысқарту, артық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ артық табыс тауып отырған салаларға, оның ішінде банктерге салынатын корпоративтік табыс салығын арттыру арқылы әрекет ету қажет еді", - деп жазды ол әлеуметтік желіде..