Мәзір
28 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әншінің Алматыда концерті өтеді

Әлеуметтік желіде «Серебро» тобының солисі болған ресейлік әнші Ольга Серябкинаның сұхбаттарының бірінде «қазақтарға түкірдім» деген сөзі талқыланып жатыр, -  деп хабарлайды buginmedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әншінің Алматыда концерті өтеді «Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әншінің Алматыда концерті өтеді
Фото: bellazon.com

"Жоқ, мен басқасын қалаймын. Қазақстан? Қазақтарға түкірдім", – дейді ол сұхбатта.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншіге қарсы шықты.

Айта кетейік, 29 қарашада Алматыдагы түнгі клубтардың бірінде әншінің концерті өтеді деп жоспарланған.

Қазақстандықтар бір-бірін бұл концертке бармауға шақырып, оны Қазақстанға кіргізбеуді талап етуде.

Ольга Серябкина 1985 жылы Мәскеуде туған.  Сахнада Молли лақап  атымен белгілі болды. Әнші, бірнше ән авторы, ақын, актриса және тележүргізуші.

2006 жылдан 2019 жылға дейін SEREBRO тобының жалғыз тұрақты солисі болды. «Мама Люба», «Mimimi», «Мало тебя», «Я тебя не отдам», «Перепутала» және тағы басқа да басты хиттерін қоса алғанда, ұжымның көптеген әнінің авторы.

2014 жылы Holy Molly бүркеншік атымен Kill Me All night Along синглінде DJ M. E. G.-пен бірге қонақ орындаушы ретінде, ал 2015 жылы сол лақап атпен дебюттік аттас жеке сингл шығарды. Лақап атын Молли деп қысқартқаннан кейін Серябкина синглдер шығаруды жалғастырды.

2019 жылдың ақпанында ол «Серебродан» кетіп, сол жылдың сәуірінде «Косатка в небе» атты дебюттік студиялық альбомын шығарды.

2017 жылы «Тысяча «М»» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді.

2020 жылдан бастап MALFA дейблімен ынтымақтастықты аяқтады және өз атымен жұмыс істейді.

2022 жылдың 22 сәуірінде «Синий цвет твоей любви»  альбомының шығарылымы өтті, оның құрамына он композиция кірді, шығарылымнан бірнеше сағат өткен соң альбом Ресейдің ITUNES топ-чартында бірінші орынды иеленді.

Апта талқысында: