Француз Киллиан Мбаппе ұлттық құраманың матчтарын өткізіп, Стокгольмге демалуға келген. Ол келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң полицияға Мбаппе тұрған қонақүйде қыз зорлау туралы арыз келіп түскен. Швециялық басылым Expressen Килиан күдіктілердің бірі екенін жазған.
Полиция қонақүйде тексеру жүргізіп, тергеу жұмысын бастады. Бірақ Мбаппе күдік деңгейі ең төменгілердің бірі болып шықты.
Франциялық футболшы бұл ақпаратты жоққа шығарды.