Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 24 ақпанда 29 жастағы Әділхан С-ға қатысты үкім шығарды.
Белгілі болғандай, сотталушы 2024 жылдың маусым айында сегіз жасар қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны зорлаған.
Сотталушының кінәсі айғақтарымен, фотосуреттермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.
«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген су заңды күшіне енбеген үкімде.
Басылымның мәліметінше, сотталған азамат «СПК «Солтүстік» АҚ-да бас маман болып жұмыс істеген және Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында әкім болып істеген өңірге танымал адамның ұлы.