Мәзір
15 қазан, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Фейк өсекші, хайп жасайды»: Қайрат Нұртастың анасы баласына қатысты видеоға пікір білдірді

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында әлеуметтік желіде баласына қатысты тараған видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Фейк өсекші, хайп жасайды": Қайрат Нұртастың анасы баласына қатысты видеоға пікір білдірді "Фейк өсекші, хайп жасайды": Қайрат Нұртастың анасы баласына қатысты видеоға пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

Видеода жастар Қайрат Нұртас пен Скриптонит, Say Mo секілді танымал әншілерді салыстырып, таңдау жасаған.

«Жастардың талғамы жайлы екен, көзім шалып қалды. Қай ана болса да, баласы жайлы жылы сөздер естігенді жек көрмес. Фейк өсекші, жұлдыздарды пайдаланып, хайп жасап, оқырман көбейту әрекетімен, өз адамдарына ақша төлеп пиар етіп, өтірік тақырып ойластырып, айтпағанды айтты етіп елді шулатып, жерден алып, жерге тығып отыратындардан шаршап жүргенде, мына жастардың жылы сөздері үшін жақсы көріп отырмын», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

 

Апта талқысында: