Мәзір
27 қараша, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Мен үшін Астананы тастап келді»: Гүлзира Айдарбекова жастық шағы туралы айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекоава жастық шағын есіне алды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Мен үшін Астананы тастап келді": Гүлзира Айдарбекова жастық шағы туралы айтты "Мен үшін Астананы тастап келді": Гүлзира Айдарбекова жастық шағы туралы айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Өнер иесі студенттік шағынан сыр шертіп, жарымен қалай танысқанын айтып берді. 

“Алматыға арман қуып, Шымкенттен келген күнім есімде. Күн шыжып тұрған еді. Кұнге қарап түсе салыппын. Керемет өмір күтіп тұрған сияқты сезілетін. Бірақ анаң сен үшін шайын дайындап, бауырларыңмен бірге ойнап-күліп отырған сәт, әр қадамыңды аңдып жүретін мұғалім мен сыныптастап сағыныш болып қалатынын ойламаппын. Мектеп менсіз құлайтын сияқты еді. Бүкіл концерт пен жарыстарға қатысып, орын алып келуші едік. Ұлдар менен басқа ешкімді тыңдамайтын. Мектеп бұрышында суретім ілініп тұратын”, – деп жазды продюсер. 

Жары Нұртас Айдарбековпен танысқан сәтін де еске алды.

“Мен мектеп бітірген жылы Нұрекең әскерден оралды. Сол кезде таныстық. Ол Астанаға мен Алматыға оқуға түсуге кеттік. Ғашықтық маза бермей, бір жылдан кейін мені тауып алды. Мен үшін Астананы тастап, Алматыдағы Политех-ке ауысты. Екінші курста алып қашты”, – деді Гүлзира Үсенқызы.

Апта талқысында: