Бірден пәтерге болмаса да, ипотека бойынша бастапқы жарнаға жинау сол шешімдердің бірі. Меншікті баспана сатып алуға ақшаны қалай тез және дұрыс жинауға болады?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, егер сіз баспана сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарына ақшаны бірте-бірте жинауды, алайда құнының бір жартысын қолда бар меншікті қаражат есебінен, ал қалған жартысын банк қарызы есебінен төлеуді жоспарлап отырсаңыз, "Отбасы Банк" АҚ банкіндегі салымды қарастырыңыз. Ол – Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесін ұсынатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы. Банк жеке тұлғалар мен отбасылардың депозиттерін қабылдап, жаңа немесе қайталама тұрғын үйді сатып алуға қарыз береді, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша жаңадан салынған құрылыс орындарындағы пәтерлерді бөледі. Жас отбасылар тұрғын үйді жалға алып, кейіннен оны арнайы бағдарлама бойынша сатып алады.
Тұрғын үй құрылыс жинақтарының кірістілігі
Отбасы банкі түрлі мерзімі мен әр алуан кірістілігі бар бірнеше депозит өнімдерін таңдауға ұсынады. Банк теңгедегі салымдарды 3,5 жылдан 15 жылға дейін қабылдайды. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне тікелей байланысты: салым мерзімі аз болған сайын кірістілігі жоғары болады. Бұл кірісті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есептейді және төлейді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы сыйақыға қосымша мемлекеттік бюджеттен сыйлықақы есебінен жинақтар сомасының 20%-ын төлейді. Ол барлық салымдар бойынша төленеді, бірақ жыл сайын ең төменгі 200 есептік көрсеткіштен аспайтын сомада есептеледі. АЕК-ті әр жыл сайын қайта қарайды: 2018 жылы ол 2 405 теңгені құрады. Сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтында әртүрлі депозиттік өнімдер бойынша кірістілікті өз бетіңізше есептей аласыз.
Ай сайынғы толықтыру
Сіздің депозиттегі ай сайынғы жарналарыңыздың сомасы өзіңіздің отбасыңыздың кірісіне байланысты дербес болады. Кіріс көп болмағанмен, міндетті түрде жүйелі болуы тиіс. Егер отбасыңыздың кірісі көп болмаса немесе сіз ай сайын көп жарна жасауға дайын болмасаңыз, банк сізге салым мерзімін ұзартып, ал ай сайынғы толықтыру сомасын азайтуды ұсынады. Шарт жасасу кезінде шарттық сома да айқындалады, ол – депозитке арналған барлық жүйелі жарналардың, бастапқы жарнаның және сіздің болашақ баспанаңыздың немесе жөндеу жұмыстарының құнына тең. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қарызының сомасы. Бұл соманы сіздің өзіңіз айқындай аласыз.
Бастапқы жарна сомасына қойылатын талаптар жоқ, ай сайынғы жарналардың сомасын Отбасы банкінің консультанты шартты жасасу кезеңінде есептейді. Бұл есептеу ұсыным сипатында болады, алайда сома шартта белгіленеді. Салымды толықтыру жоспарынан ауытқығаны үшін айыппұл санкциялары көзделмеген, сіз салымды мүмкіндігіңізге қарай жасайсыз. Бірақ кейінірек, қарыз бойынша мөлшерлемені есептеу кезінде банк сіздің қаржылық тәртібіңізді қарайды, яғни сіз депозитті қаншалықты жүйелі түрде толтырғаныңызды және қандай сома салғаныңызды ескереді.
Қанша ақша жинау қажет?
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтау тарихы бола тұра, сіз жаңа немесе қайталама тұрғын үйді сатып алуға немесе өзіңіздің үйіңізді немесе пәтеріңізді жөндеуге қарыз ала аласыз – банк тұрғын үй немесе жөндеу жұмыстарының 50%-на дейін үстеме қаржыландырады, ал мөлшерлеме коммерциялық банктердің мөлшерлемесінен төмен болады.
Неге назар аудару керек?
Тұрғын үй құрылыс жинақтары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдік берілген қарызы есебінен баспана құнының бір бөлігін кейіннен қаржыландыру кезінде ғана пайдалы болып табылады.
Сіз депозитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбадыңыз, яғни оны өзіңіздің тұрғын үй жағдайларыңызды жақсартуға жұмсаған жоқсыз, баспана сатып алуды ішінара қаржыландыруға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарызын алмадыңыз немесе банктік салым шартын мерзімінен бұрын жаптыңыз делік. Мұндай жағдайда банк сізге мемлекеттік бюджеттен сыйлықақы төлеп қана қоймай, депозиттің кірістілігін қайта есептейді. Егер жинақтың нақты мерзімі 3 жылдан
5 жылға дейінгі мерзімді құраса, онда сіз шарттың бүкіл мерзіміне жылдық 0,7%-дық мөлшерлеме бойынша, ал жинақтау мерзімі 5 жыл болса, жылдық 1%-дық мөлшерлеме бойынша сыйақы аласыз.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы нені білгеніміз жөн:
Тұрғын үй құрылыс жинақтарының есебінен сіз жаңа немесе қайталама тұрғын үйді жеңілдік берілген талаптармен сатып аласыз немесе жөндеу жұмыстарын төлей аласыз.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары – бұл меншікті баспанасы туралы армандайтын немесе жеңілдік берілген қарыз арқылы жөндеу жұмыстарының бір бөлігін төлегісі келетін отбасылар үшін толыққанды қаржылық жоспар болып табылады. Мемлекет тұрғын үй құрылыс жинақтарына сыйлықақы төлейді – депозит бойынша қосымша кіріс жинақ сомасының 20%-ын, бірақ ең төменгі 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспана немесе жөндеу құнының 50%-на дейінгі мөлшерде жеңілдікпен қарыз береді. Сондай-ақ банк «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасына қатысады.