Актриса Instagram-дағы парақшасында үшінші сәбиін күтіп жүргенін көрсетті.
Ол белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтың 70 жас мерейтойынан видео жариялап, көпшілікке үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін көрсетіп қойды. Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі отбасындағы қуанышты жаңалықты оқырмандарына барынша астарлап жеткізуге тырысқан.
"Мені театрға қабылдаған Талғат ағамыздың тойы. Менде жаңалық көп. Ал сіздер не байқадыңыздар", - деп сұрады актриса.
Бейнежазбада Динара Абдуллинаның іші шығып қалғанын байқауға болады.