Мәзір
25 қараша, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

“Айтатын уақыт келді”: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейінгі шындықты айтты

Әнші Балжан Бидаш желіде актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін қиын жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

“Айтатын уақыт келді”: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейінгі шындықты айтты “Айтатын уақыт келді”: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейінгі шындықты айтты
Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші ажырасқаннан кейін бір жылдың ішінде қалай өзгергенін баяндап видео жариялады.

”Менің жеке трансформациям туралы айтатын уақыт келді. Бәрі маған құлпырып кеттің, қандай керемет нәтиже, сахнаға оралуыңмен деп жатады. Бірақ сахнаның артында қаншама маңдай тер төгілгенін ешкім түсініп білмес. Бір жыл бойы қаншама жұмыс болғанын ешкім білмейді. Ия, ажырасқаннан кейін қатты депрессияға түсіп кеттім. Ешкімді көргім келмеді. Ешкіммен араласпай, тек үйде отырдым. Жобаларда ғана өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде белсенді болуға өзімді мәжбүрлейтінмін. Осының бәрі ішіме жиналып, дұрыс тамақтанбай, өзіме қарамай кеттім. Күннен күнге бетімнің жағдайы нашарлап бара жатқанын байқадым. Мені дәл осындай мәселені басынан өткізген адамдар ғана түсінеді”, — деп жазды өнер иесі.

Апта талқысында: