Мәзір
17 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қостанай облысында қайғылы жағдай болды: бір отбасының 4 мүшесі көз жұмды

17 қарашада Қостанай облысында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды buginmedia.kz «Тобол-Инфо» басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысында қайғылы жағдай болды: бір отбасының 4 мүшесі көз жұмды Қостанай облысында қайғылы жағдай болды: бір отбасының 4 мүшесі көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Бр отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып көз жұмды.

Жексенбіде түскі сағат бір кезінде Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында отбасының 7 мүшесі өз үйлерінен табылды. 

Төртеуі көз жұмған, бұл екі, үш, сегіз жастағы балалар және олардың 1957 жылғы атасы.  

Басылымның хабарлауынша, отағасы, анасы және олардың 4 жасар баласы Арқалық қаласы ауруханасына жеткізілді. 

Отбасы аз қамтылған санаттан болған. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. 

Апта талқысында: