Мәзір
17 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Ақмола облысындағы жарылыс: мешіт басшылығы мән-жайды айтты

Ақмола облысының Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы мешіт басшылығы елді мекенде болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмола облысындағы жарылыс: мешіт басшылығы мән-жайды айтты Ақмола облысындағы жарылыс: мешіт басшылығы мән-жайды айтты
Фото: Жақсыгелді мешіті

«Ақпарат көздеріндегі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылындағы төтенше жағдайдың мешітте болмағанын мәлімдейміз. Сабынды ауылында «Жақсыкелді» мешіті халыққа қызмет жасап тұр. Газ баллоны жарылысы болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды, себебі жаңа мешіт салынды. Жаңа мешіт салынған соң ол ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген», - деп түсіндірілген Науат Хазрет мешітінің желідегі парақшасында

Бұған дейін Ақмола облысында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болғаны хабарланды.

Апта талқысында: