Мәзір
Бүгін, 15:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақмола облысында заңсыз алтын өндірген топ ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмола облысында заңсыз алтын өндірген топ ұсталды Ақмола облысында заңсыз алтын өндірген топ ұсталды
Pixabay

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеп, бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталған.

– Тінту кезінде кенді ұсақтау және балқытуға арналған жабдықтар, салмағы 446 грамм болатын алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 миллион теңгеден астам қаражат пен 8 мың АҚШ доллары тәркіленді, – деп хабарлады ведомство.

Бұдан бөлек, тінту барысында қару мен оқ-дәрілер де табылған.

Қазіргі уақытта тергеушілер заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғаны анықтап, заңсыз өндірілген бағалы металдардың нақты көлемін есептеп жатыр.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікпен бір адам қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2