Мәзір
Бүгін, 11:11 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада базарда жарылыс болды: үш адам ауруханаға жеткізілді

Астанада базар аумағындағы тандыр самсасы дайындалатын орында жарылыс болып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада базарда жарылыс болды: үш адам ауруханаға жеткізілді Астанада базарда жарылыс болды: үш адам ауруханаға жеткізілді
Фото: әлеуметтік желіден

Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан базар аумағындағы тандырханада жарылыс болып, үш адам зардап шекті.

Оқиға Ш. Жиенқұлова көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа көлемі 50 литрлік газ баллонынан газдың шығуы себеп болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқару бөлімшелері дереу жеткен.

«Жарылыстан кейін төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылып түсті», – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиға орнына келген құтқарушылар үш зардап шегушіні тауып, оларды медициналық мекемеге жеткізді. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2