Мәзір
17 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Астанадағы қайғылы жағдай: әкімдік мәлімдеме жасады

Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанадағы қайғылы жағдай: әкімдік мәлімдеме жасады Астанадағы қайғылы жағдай: әкімдік мәлімдеме жасады
Фото: Астана ТЖД баспасөз қызметі

Астана әкімдігінің хабарлауынша, оларға қажетті көмек көрсетіледі.

"Құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала көз жұмғаны хабарланды.

Апта талқысында: