Мәзір
16 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ерікті Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

«Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ерікті Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды Ерікті Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды
Фото: instagram.com/01pk

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 15 қарашада тергеу органдарына күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түскенін хабарлады.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Қайрат П.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікпен ұсталған болатын

Бүгін Перизат Қайраттың Палестинаға көмекке жиған қаражаттан тағы 200 млн теңге жымқырғаны белгілі болды.

 

Апта талқысында: