Мәзір
16 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Перизат Қайрат Палестинаға көмекке жиған қаражаттан тағы 200 млн теңге жымқырған – ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тағы тың дерек жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Перизат Қайрат Палестинаға көмекке жиған қаражаттан тағы 200 млн теңге жымқырған – ҚМА Перизат Қайрат Палестинаға көмекке жиған қаражаттан тағы 200 млн теңге жымқырған – ҚМА
Фото: әлеуметтік желіден

Ведомствоның хабарлауынша, оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды.

"Осылайша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды. Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.

"Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікпен ұсталған болатын.

Апта талқысында: