Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.
“”Федерация басшылығына келген сәттен бастап оның жетекшілігімен ешқандай ресми отырыстар мен жұмыс бұйрықтары орындалмағанын атап өтеміз. Федерация алдағы уақытта да пара үстел теннисін және спортшыларды дамыту бағытында ашықтық пен заңдылық принциптері бойынша жұмысын жалғастырады” делінген федерация ақпаратында.
Кеше волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталған.