Мәзір
14 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Приозерск гарнизонында әскери қызметші қызмет уақытында көз жұмды

Қарағанды облысындағы Приозерск гарнизонында әскери бөлімде әскери қызметші өз-өзін атып өлтірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Приозерск гарнизонында әскери қызметші қызмет уақытында көз жұмды Приозерск гарнизонында әскери қызметші қызмет уақытында көз жұмды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл ақпаратты Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес.

«Осы жылдың 14 қазанында Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпаратқа қарағанда сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған», - делінген хабарламада. 

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.

«Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалған. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Апта талқысында: