Мәзір
10 қараша, 2024 / BuginMedia / Денсаулық

«Холестерин мен қантты төмендетеді»: бұл тағамның 100 грамы тәуліктік қажеттілікті толтырады

Флеболог, жүрек-тамыр хирургы, медицина ғылымдарының кандидаты Максим Абасов түрлі ауруларға ем болатын, ағзаны түрлі витамин мен микроэлементтермен толықтыратын тағам түрін атады, деп хабарлайды buginmedia.kz Hibiny.ru-ға сілтеме жасап.

"Холестерин мен қантты төмендетеді": бұл тағамның 100 грамы тәуліктік қажеттілікті толтырады "Холестерин мен қантты төмендетеді": бұл тағамның 100 грамы тәуліктік қажеттілікті толтырады
Фото: naturessunshine.com

«Магний таблетка түрінде керек емес. Бұл тағамның 100 грамы тәуліктік норманы толтырады, холестерин мен қантты төмендетеді», — делінген сайттағы мақала атауында.

Бұл асқабақ тұқымы, оның құрамында В тобы витаминінің барлық түрі,  А және Е витаминдері бар. Оның 100 грамы жүрек жұмысына қатет магнийдің тәуліктік қажеттілігін толтырады.Дәрігердің айтуынша, асқабақтың 100 грамын жеген соң магнийді таблетка түрінде қабылдаудың қажеті жоқ. 

Сондай-ақ 100 грам асқабақ тұқымында цинктің тәуліктік қажеттілігінің 65%-ы, темірдің 50%-ы және калийдің 33%-ы бар.

Асқабақ тұқымы қан қысымын төмендетіп, артрит кезінде қабынуды басып, қант деңгейін төмендетіп, құрамында ақуыздың көп болуына байланысты қант диабетінің алдын алады. Сондай-ақ ол ішек құртымен күресте нөмір бірінші тағам.

Апта талқысында: