Мәзір
9 қараша, 2024 / BuginMedia / Денсаулық

Дәрігер адам өліміне себеп болатын тағамды атады

Ресейлік дәрігер-диетолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алексей Ковальков адам денсаулығы үшін аса қауіпті азық-түлікті атады,– деп жазады vm.ru

Дәрігер адам өліміне себеп болатын тағамды атады Дәрігер адам өліміне себеп болатын тағамды атады
Фото: istockphoto.com

Әдетте шетелдік мамандар ішіп-жейтін азық-түлік тізімінен тазартылған ұн, шұжық өнімдері, майсыздандырылған сүт өнімдері және жартылай дайын өнімдерді алып тастауға кеңес береді. Ал, Алексей Ковальковтың пайымынша, қатып қалған тізім жоқ. Мәселен, шұжықты үйде консервантсыз және дәмді күшейткіштерді қоспай әзірлеуге болады, сонда оның ағзаға зияны болмайды. Сүт өнімдерінің де сапасы әртүрлі болады.                             
Ресейлік дәрігердің айтуынша, адам баласына зиян бір ғана азық-түлік бар. 
«Адамның ажалын жақындататын бір азық бар, ол – қант. Қазір адамдар қантты өте көп жейді. Бірақ бұл туралы ешкім айтпайды, өйткені бұл алып индустрия»,– деді ол.                                       

Алексей Ковальков соңғы жылдары қант диабетіне шалдығу жиілеп кеткенін айтты. Көп адам артық салмақ проблемасынан зардап шегеді, бауыры ауыратындар саны да аз емес.

Апта талқысында: