Төтенше ағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі болжам бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды.
Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Оқиға туралы ақпарат нақтылануда.