Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті

Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті

Қазақстанның Халық ақыны, белгілі айтыскер Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Құрылтай депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Депутат марқұмның қазасына байланысты көңіл айтып, қазақ өнері мен мәдениеті үшін ауыр қаза екенін жеткізді.

«Қазақстанның Халық ақыны, аяулы Апамыз Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өкінішті…Әсия Әйіпқызымен атамұра өнеріміздің бүтін бір дәуірі кетіп барады… Барша әріптестеріне, ағайын-туыстарына, шәкірттеріне, артындағы ел-халқына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды Жанарбек Әшімжан.

Ол ақынның бар ғұмырын қазақтың өнері мен мәдениетіне арнағанын атап өтіп, есімі мен жарқын бейнесі ел жадында сақталатынын айтты.

Айта кетейік, Әсия Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы Әулиекөл ауданында дүниеге келген. 1980-жылдардан бастап айтыс өнеріне белсене араласып, республикалық және халықаралық жыр додаларында топ жарған. 1990 жылы оған Қазақстанның Халық ақыны атағы берілген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2