Мәзір
14 қазан, 2024 / BuginMedia / Экономика

Әскерилердің жалақысы мен зейнеттік төлемдері өседі

Қазақстанда 2025-2026 жылдары күш құрылымдарының жалақысы орташа 48,2% өседі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әскерилердің жалақысы мен зейнеттік төлемдері өседі Әскерилердің жалақысы мен зейнеттік төлемдері өседі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Үкімет басшысының 27 қыркүйектегі қаулысына сай, күш құрылымдарына еңбекақы төлеу жаңа жүйеге көшпек. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

Алғашқы кезеңде офицерлік құрам жалақысын орташа 20,3%, қатардағы және сержанттық құрамдікін 33,9% арттыру көзделген. Екінші кезеңде офицерлік құрым жалақысын 23%, сержанттық құрам жалақысын 10% жоғарылату жоспарланған.

Лауазымдық қызметақының өсуі өзге де төлемдердің артуына әсер етпек. Мәселен, сыныпқа қарай төленетін төлем, мемлекеттік құпияға жататын дерекпен жұмысқа қарай төленетін төлем, денсаулық төлемдері мен көтерме төлемдер, зейнетке шығарда берілетін зейнеттік төлем мөлшері де арта түседі.

Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің 50%-н өтеу, дала төлемдерін енгізу, жылына бір рет еңбек демалысы кезінде әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен, қоғамдық көлікпен жүруін тегін ету пысықталық жатыр.

Апта талқысында: