Бұған дейін Әділет Зейнелге берілген 20 млн теңгенің 4,5 млн теңгесі Ұлдананың ата-анасына табысталғаны айтылған болатын. Алайда Сәлима Омарова бұл қаражаттың материалдық көмек емес, қарыз ретінде берілгенін мәлімдеді.
Марқұмның анасының айтуынша, аталған соманы үлкен қызы Әділеттен уақытша қарызға алған. Кейін 4,5 млн теңгені қайтару мәселесі туындап, мамыр айында ақшаны кері қайтару талап етілген.
«Сол 4,5 млн теңгені бастапқыда қызымның қажетіне байланысты алған болатынбыз. Кейін үлкен қызым Әділеттен осы соманы қарызға бере тұруын сұрадық. Алғашында бұл қаражатты белгілі бір мерзімге дейін пайдаланып, кейін өзіміз қайтарамыз деп жоспарладық. Негізінде, бұл соманы бізге Әділет қарыз ретінде берген. Кейін аталған 4,5 млн теңгені мамыр айында қайтаруды талап етіп, сот арқылы өндіріп алатындарын жеткізді», – деді Ұлдананың анасы.