Мәзір
6 қараша, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Үшінші рет қорлап отыр»: Мақпал Жүнісова Президентке үндеу жолдады

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова ұшаққа домбырасын кіргізбей жатқанын айтып, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлады buginmedia.kz.

«Үшінші рет қорлап отыр»: Мақпал Жүнісова Президентке үндеу жолдады «Үшінші рет қорлап отыр»: Мақпал Жүнісова Президентке үндеу жолдады
Фото: yandex.kz

"Багажға өткіз дейді,ана жолы Серік Тоқтардың багажға өткізген домбырасын сындырып берген, ешкім жауап берген жоқ", - деп жазған өнер иесі депутаттардан да көмек сұрады.

Әнші айтысып жатып домбыраға ұшақтан 59 мың теңгеге орын алғанын айтты. 

«Фамилиясы жоқ, домбыра деп жазылмаған. 59 мың теңгеге орын сатып алдым. Айғалап шулап кіргіздік. Қасым Жомарт Тоқаев ағамыз қолға алмаса, өте жылайтын нәрсе екен. «Flyarystan» осымен үшінші рет мені қорлап отыр», – деді Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында.

Апта талқысында: