Мәзір

Банк қызметкерлері онлайн-казинолардан 188 млрд теңгені шығаруға көмектескен

Банк қызметкерлері онлайн-казинолардан 188 млрд теңгені шығаруға көмектескен Банк қызметкерлері онлайн-казинолардан 188 млрд теңгені шығаруға көмектескен
ашық дереккөз

Қазақстанда заңсыз интернет-казинолардың жұмысына көмектесті деген күдікке ілінген бір топ адамға қатысты тергеу аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, заңсыз ойын бизнесі «Nomadgames», «Sultangames» интернет-сайттары және олардың көшірмелері арқылы жүргізілген.

Ақша айналымын жасыру үшін күрделі жүйе қолданылған

Ойыншылардан ақша қабылдау үшін бірнеше төлем құралы пайдаланылған. Олардың қатарында төлем ұйымдары, банк эквайрингі, POS-терминалдар, интернет-терминалдар, электрондық әмияндар мен криптовалюта бар.

Агенттік мәліметінше, іске банк саласының өкілдері де қатысқан. Олар тиісті тексерулерсіз келісімшарттар жасасуға, төлем инфрақұрылымына қосуға және интернет-терминалдарға қажетті MCC-кодтарын беруге көмектескен.

Ақша операцияларының нақты мақсарын жасыру үшін олар заңды букмекерлік және басқа да кәсіпкерлік қызметтен түскен қаражат ретінде көрсетілген.

Осы схема арқылы электрондық терминалдармен 188 млрд теңгеден астам қаржы айналымға түскен.

Күдіктілердің криптоәмияндарынан 19 млн USDT анықталды

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру үшін күдіктілер бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік пайдаланылған. Жалған келісімшарт негізінде оның шоттарына 10 млрд теңге аударылған.

Кейін бұл қаражат криптовалютаға айырбасталып, күдіктілердің криптоәмияндарына жіберілген. Тергеу барысында жалпы сомасы 19 млн USDT болатын цифрлық активтердің қозғалысы анықталған.

Үш пәтер мен алты көлікке тыйым салынды

Соттың санкциясымен үш пәтерге, алты автокөлікке, сондай-ақ жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайтын криптоактивтер мен банк шоттарындағы қаражатқа тыйым салынған.

Екі күдікті қамауға алынды. Тағы үш адамға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған екі күдікті ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен босатылған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2