Мәзір

Бұрынғы сенатор Геннадий Шиповских тағы бір қызметке тағайындалды

Бұрынғы сенатор Геннадий Шиповских тағы бір қызметке тағайындалды Бұрынғы сенатор Геннадий Шиповских тағы бір қызметке тағайындалды
Фото: Instagram / gennadiishipovskikh

Сенаттың бұрынғы депутаты Геннадий Шиповских Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енгенін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Шиповскихтің айтуынша, Қазақстан Президентінің Жарлығымен оны Кеңес құрамына енгізген.

«Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім білдіргені үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін!» – деп жазды ол.

Шиповских алда атқаратын жұмыс көп екенін айтып, елдің дамуы үшін еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

«Еліміздің дамуы үшін бар күш-жігерімізді салып, еңбек етуге дайынбыз!» – деді Геннадий Шиповских.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2