Мәзір

Астана, Алматы және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана, Алматы және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды Астана, Алматы және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөз

«Қазгидромет» 21 қыркүйекке Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, өңірлерге қарай найзағай, қатты жел және тұман күтіледі. Ауа райына байланысты дауылды ескерту нақты өңірлер бойынша жарияланған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оңтүстікте найзағай болады

Алматыда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с-ке дейін жетеді. Қалада өрт қаупі де жоғары.

Алматы облысының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде түнде, ал оңтүстігі, шығысы және таулы аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 17–22 м/с-ке дейін күшейеді. Қонаевта да түнде найзағай болып, жел 17–22 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жетісу облысында ауа райы күрделенеді. Түнде оңтүстікте, орталықта және таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз таулы жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-ке дейін жетеді. Талдықорғанда да кей уақытта найзағайлы жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаңбыр және найзағай болжанады. Ақтауда таңертең және күндіз жауын-шашын мен найзағай күтіледі.

Бірқатар өңірді тұман басады

Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында да тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, соның ішінде Оралда тұман болжанады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде және Қостанай қаласында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Абай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында да тұман болжанады. Павлодар мен Петропавлда тұман түнде және таңертең күтіледі.

Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары

Елдің кей бөліктерінде жаңбыр жауғанымен, бірнеше өңірде өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау және Абай облыстарының жекелеген аумақтарында төтенше өрт қаупі болжанады.

Ұлытау облысында да төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің оңтүстіктегі екпіні 15 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Астанада және Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Абай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2