Мәзір
Бүгін, 10:11 / BuginMedia / Жаңалықтар

Әбдіров, Әзімова және Смайылов бұрынғы қызметтеріне қайта тағайындалды

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік органның басшыларын қайта тағайындады. Ақорданың мәліметінше, Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары өз қызметтерінде қалды, деп хабарлады Ақорда.
 

Әбдіров, Әзімова және Смайылов бұрынғы қызметтеріне қайта тағайындалды Әбдіров, Әзімова және Смайылов бұрынғы қызметтеріне қайта тағайындалды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Мемлекет басшысының жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.

Сондай-ақ Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып қалды.

Бұдан бөлек, Әлихан Асханұлы Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2