«Нұржігітті Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық. Нұржігіт соңғы үш күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, отыз бірінші күні емханадан аман-сау шықты», – деп жазды Бақытжан Базарбек.
Еске сала кетейік, 16 тамызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында Бақытжан Базарбектің көлікпен адам қағып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, Toyota жүргізушісі жол жиегінде тұрған ер адамды қағып кеткен. Жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт Қошанов ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Кейін Базарбек жол апатына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлап, Нұржігіттің жағдайын тұрақты түрде әлеуметтік желі арқылы бөлісіп отырды. Ол зардап шеккен азаматтың аяғы сынғанын және осыған байланысты ем-дом жалғасатынын айтқан.