Мәзір
Бүгін, 19:41 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Астанада күннің суытуына байланысты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар орталық жылу жүйесіне қосыла бастады, деп хабарлайды buginmedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады Астанада тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Фото: © istockphoto.com

«Сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды», – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға жылу бұдан бұрын, өтінімдер бойынша берілген.

Жалпы қосу процесі бірнеше күнге созылады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, қалада тәуліктік орташа температура +9 градус болады, түнде нөлден төмен түсуі мүмкін.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2