БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында депутат қазіргі жалақысы айына 1 млн теңгеге жуық екенін айтты. Оның сөзінше, Құрылтай депутаттарының айлығы шамамен 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін болады.
«Бұл еңбек өтіліне, жұмыс тәжірибесіне, ғылыми дәрежесіне байланысты. Мұның бәрі есепке алынады. Мысалы, егер бұрын генерал немесе елші болсаңыз, оған сәйкес қосымша үстемақы қарастырылады. Мемлекеттік қызметтегідей», – деді Айдос Сарым.
Ал өзінің нақты жалақысы туралы сұраққа Айдос Сарым айлығы миллион теңгеден сәл төмен екенін айтты.
«Менің жалақым миллион теңгеден сәл төмен, нақты сомасы есімде жоқ. Осында отырып жұмыс істеп жүргеніме қарағанда, әзірге жетіп жатыр», – деді депутат.
Сондай-ақ ол отбасының қаржылық жағдайына қатысты сұраққа әзілмен жауап берді.
«Бақытжан Базарбек сияқты әйеліме жұмысқа шық демедім», – деді Айдос Сарым.